Түрмеге ұя салған қарлығаш

Бұл бетте «Түрмеге ұя салған қарлығаш» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 773
Құдай-ау,
Азат қарлығаштың
Түрмеге ұя салғаны несi?
Бостан еркiндiгiн
Қапасқа
Қия салғаны несi?
Әлде байғұс қарлығаш
Түрмедегiлердей
Шерлi ме екен?
Жоқ әлде оларға
Азаттықтың қадiрiн
Ұқтырғысы келдi ме екен?
Тiкенектi сымдардың арасынан
Жалт етiп
Ұшып кiрiп,
Жалт етiп
Ұшып кетедi.
(Сол кезде
Мына сұп-сұр
Суық дүние
Алабұртып ысып кетедi).
Сонда да, құдай-ау,
Азат қарлығаштың
Түрмеге ұя салғаны несi?
Бостан еркiндiгiн
Қапасқа қия салғаны несi?
Әлде
Байғұс қарлығаш
Мына өмiрден безiнiп
Қапа болды ма екен?
Жоқ әлде
Түрме сыртындағы
Азат тiршiлiк
Түрмеден де
Қатал болды ма екен?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түрмеге ұя салған қарлығаш өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Түрмеге ұя салған қарлығаш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түрмеге ұя салған қарлығаш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түрмеге ұя салған қарлығаш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері