Толқындар

Бұл бетте «Толқындар» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 499
Толқындар
жағаны қабады.
Биiктен шүйiлген
дәп қазiр қырғимын, –
өкпеге толтырып ауаны
теңiзге сүңгимiн.
Сүңгимiн
барлық тереңге –
теңiздiң астындай
құпия әлемге.
Бар деймiн
теңiздей тереңдiк
ақылды бастарда,
бар деймiн
теңiздей тереңдiк
нақақ көз жастарда.
Сүңгимiн
дала мен қалаға,
сүңгимiн
ойлар мен санаға,
күндер мен түндерге,
бұрқақ үндерге,
жұмбақ гүлдерге.
Қалайша жатам мен
тартынып қымсынып.
Бiлем мен
әлi де қаншама
ойларға батам мен
мұңдарға тұншығып.
Сүңгимiн тұла бой денеммен
бостан бос тұруға
жоқ шыдам.
Құпия тереңнен
жаңа ой мен жаңа жыр
ап шығам.
Ширығар денем де
қызулық от берсе.
Сүңгимiн
құпия тереңге,
құпия әлемге
демiм жеткенше.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Толқындар өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Толқындар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Толқындар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Толқындар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері