Өмір деген бұтақты зор қарағай

Бұл бетте «Өмір деген бұтақты зор қарағай» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 527
Өмір деген бұтақты зор қарағай,
Асығады құшуға таңдағы арай.
Бір жапырақ тартады көкке қарай,
Бір жапырақ тартады жерге қарай!..
Бекінгені, белгісіз өкінгені,
(Тіршіліктің желге ұшар жетімдері).
Бір жапырақ бұрады бетін әрі,
Бір жапырақ береді бетін бері.
Ой орманын оңаша аралаймын,
Жазуға бір бауырын жаралы айдың.
Адамзаттың өмірі желге ұшатын
Жапырағына ұқсай ма қарағайдың?
Болашақтан күтемін даналық бір,
Қосатындай тірлікке жаңалық, түр.
Тыныс алып қойнында бабам жатқан
Қара жерден қарағай нәр алып тұр.
Өмір басқа әр түрлі салады ойлар,
Ашылғандай кеудемнен жаңа қайнар.
Тұғырдағы тұрғандай қыранға ұқсап
Қанат жайған жапырағы қарағайлар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір деген бұтақты зор қарағай өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Өмір деген бұтақты зор қарағай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір деген бұтақты зор қарағай өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір деген бұтақты зор қарағай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері