Арманыңа алтын орда аш менен – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Арманыңа алтын орда аш менен» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 943
Арманыңа алтын орда аш менен,
Өшпейтұғын жазайын бір тасқа өлең.
Шу-шу етіп жапырағы қол соқсын,
Куә болып жылдарменен жасты емен.
Көкірегімнен ерке, мөлдір бұлақты аш,
Сол бұлақтай тау басынан құлап қаш.
Айна болып ай-жұлдызға айт барып,
Сапарласым, замандасым мұраттас.
Атқылатып жан-жүректің аш кенін,
(Асылдарын аспанға атсын жас көңіл).
Біз арқылы жаңғырсын да түлесін,
Зыр айналған жұмыр жермен жасты өмір.
Жүрек — сағат, іске қосып сыртылдат,
Сыртылынан ертеңгіге сыр тыңдат.
Қара жерден қазынаның барлығы
Қайнап шығып, жата берсін бұрқылдап.
Таңғы күндей гүлдерімнің аш бәрін,
Қара бұлтты жамылмасын аспаным.
Қалғып кетсем, қозғап оят, бүгіннің
Жазып беріп кетейін бір дастанын.
Әлемге бір қатайыншы асқақ үн,
Оят мені уақытпен қас қағым.
Шыққан күнде болмайды ғой шекара,
Шекараның тілін тауып аш бәрін.
Ақын — аққу, оған мылтык, оқталмас,
Оның тілі тіліп түсер отты алмас.
Көңілімнен бұлбұлымды сайратып,
Өмірімнен мәңгі жасыл көктемді аш!
Сен мені іздеп сапарға шық, тауларды ас,
Гүл боп шықсын жанарымнан тамған жас.
Жарық болып қара күннің қойнынан,
Армандасым, алаулаған таңдарды аш.
Ғасырласым, болсын ашық аспаның,
Аспаныңа тақсын жұлдыз шашбауын.
Дүниенің кілтін тауып, аш бәрін,
Өтінемін, тек соғысты ашпағын!..
Армандасым, сен ұқпасаң, жат ұқпас,
Алдандырмас алтын, гауһар, жақұт тас.
Менің мынау өлеңімнен өлмейтін
Мәңгілікті аш, ғасырларды аш, уақытты аш!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арманыңа алтын орда аш менен өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Арманыңа алтын орда аш менен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арманыңа алтын орда аш менен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арманыңа алтын орда аш менен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері