Өзім салған үйіңде орын болса

Бұл бетте «Өзім салған үйіңде орын болса» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1030
Жұрт сұраса айтар ем арманымды.
Бала үшін берер ем бар малымды.
Қанша қатал болсам да мен оларға,
Қатты жақсы көремін балдарымды.
Жақсы жанды сүйіпті, сүйікті өлең.
Құрып кетші сұранам, күйік менен.
Қатын жолда, атақ, тақ құрып кетсін,
Ұлдарымды бәрінен биік көрем.
Өздеріңе әлі де жол ашамын.
Жарқын болсын жандарым, болашағың.
Текті атадан тараған өрендерсің,
Жарқын болсын балдарым болашағың.
Алладан сұрағаным орындалса.
Жүрегіңнен әкеге орын қалса.
Төр тілеп, сұранбаймын алтындарым,
Өзім салған үйіңде орын болса.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзім салған үйіңде орын болса өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Өзім салған үйіңде орын болса өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзім салған үйіңде орын болса өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзім салған үйіңде орын болса өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері