Үлкен Ардақ – Әсет Найманбайұлы

Бұл бетте «Үлкен Ардақ» атты Әсет Найманбайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 5220
Қыз қайда Ардақжандай туған айдай,
Күлім көз, оймақ ауыз, ақша маңдай.
Сағындым, еркем, ах, ах-ау сені-ау!
Сөйлесе сөзі майда, лебі жылы,
Жанымның сүйініші бұлбұл таңдай.

Сағындым, еркем, ах, ах-ау сені-ау!
Сені-ау, Ардағым,
Шақырғанда бармадым!
Болмас еді-ау, арманым,
Болса өзіңдей алғаным!

Ардақжан, сен ақ сұңқар бақшадағы,
Біреудің мәпелеген ақ тамағы.
Сағындым, еркем, ах, ах-ау сені-ау!
Ерке өскен ел ішінде, ерке сәулем,
Секілді айдын көлдің ақ шабағы.

Сағындым, еркем, ах, ах-ау сені-ау!
Сені-ау, Ардағым,
Шақырғанда бармадым!
Емін-еркін сөйлесіп,
Тарқар ма еді-ау, арманым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үлкен Ардақ өлеңінің авторы кім?

Әсет Найманбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Үлкен Ардақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үлкен Ардақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әсет Найманбайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үлкен Ардақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері