Сыртта нең бар? – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Сыртта нең бар?» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 752
Сыртта нең бар?
Тұғырға қон, жүрегім,
(Елегзідің, несіне елжіредің?)
Күткендей боп біреуді әлсін-әлсін,
Жолға қарап, жаутаңдап телміремін...
Өзіңе өзің туламай кел, жүрегім,
Әміріңе әлім жоқ енді менің.
Сағынған жан мені іздеп келер деген
Үміт отын қалайша сөндіремін?
Аспан, жермен, таулармен, теңізбенен
Тамыры бір тағдырлас егіз денем.
Бойыңдағы тартылыс қуатымен
Бар сияқты бір жұлдыз мені іздеген.
Көз алдымда ұршықтай тұрды құйын,
Қай жаққа ауып кетті екен жыр киігім?
Шырқауына жететін қиял ғана
Бар сияқты оқ жетпес бір биігім.
Жолдағандай сәлемге таулар гүлін,
Жомарттығын көрсетіп, заңғарлығын.
Шабыт болып мені іздеп келетұғын,
Бар сияқты аңсаған арман жырым.
Өңім екен деп қалам түсімді мен,
Түсімді мен кімге айтып түсіндірем?
Айналып бір қос қолым қос қанатқа,
Көк аспанда қалықтап ұшып жүрем.
Ұшып жүрем, бәлкім, бір жол жүремін,
Жол үстінде жолығар бар бір өмір.
Кеңдікті аңсап бұлқынған құс жүректі
Қалыпқа бұл мен қайтіп көндіремін?
Үміт отын қалайша сөндіремін,
Бір айналып әлемді кел, жүрегім!
Ей, адамзат! Жер түгіл аспанменен
Тағдырым бір сияқты енді менің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сыртта нең бар? өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Сыртта нең бар? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сыртта нең бар? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сыртта нең бар? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері