Шама – Жарылғапберді Жұмабайұлы

Бұл бетте «Шама» атты Жарылғапберді Жұмабайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3032
Күн батар кешке жақын таудан асып,
Шапақтап қызыл алтын нұрын шашып.
Ақшамның қараңғысы болған шақта,
Аһ ұрып табысады өңшең ғашық!

Боз үйден таң алдында күйеу шығар,
Артынан қалар жары бетін басып.
Келгенше енді айналып кім бар, кім жоқ,
Ей, қалқа, тіліңді әкел, аузыңды ашып.

Тісің мен сары мойның жаудырасын,
Тіліңнен жан шөлімді қандырасың.
Салдыртып сал күреңмен келгенімде,
Көңілімді не себептен қалдырасың!

Ай жарық терезеңнің дәл түбінде,
Кіргізбей босағаңда талдырасың.
Аршын төс, алма мойын шаһизада,
Төсектен сүмбіл шашың салбырасын.

Айбатпен сотқа кірген прокурордай,
Шашыңа таққан шолпың салдырасын.
Жаңа ұшқан ұясынан бала қаздай,
Сәулем-ау, екі көзің жаудырасын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шама өлеңінің авторы кім?

Жарылғапберді Жұмабайұлы — осы өлеңнің авторы.

Шама өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шама өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылғапберді Жұмабайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шама өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар