Түнгі өлі көл жағасында

Бұл бетте «Түнгі өлі көл жағасында» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 642
Таусылады бiр шыдам!
мына көлдiң, –
қарашы! –
Қорғасындай жаншыған
қандай ауыр ауасы.
Қорыққанмен қайтемiн,
жаншыламын бүктелiп, –
тұлғасы жоқ,
әйтеуiр
көлеңкелер шықты өрiп.
Еңсенi езiп екiндi
тозақ отын себелер, –
Мiнiп алған секiлдi
иығыма бәлелер.
Ой жоқ болды сөндi де.
Ұшқан зәре тоқтай ма?!
Өлi көлдi көрдi де
Сұп-сұр болып кеттi ай да.
Айықпайтын сор көрдiм,
алжасты ма ақылым?
...Ортасынан сол көлдiң
ажал шықты ақырын.
Ажал шықты,
қаңқасы
тұрды желмен сықырлап...
Көлеңкемен арбасып,
бiр құс ұшты сыпылдап.
Байғыз күлдi.
Күлдi ме?
Жылады ма? –
Бiлмедiм...
Түнге ауысып күндерiм,
Күлге айналды гүлдерiм.
Қайттым сонсоң,
әр жерге
тасқаяқтай соғылып...
Жатты өлi сол көлге
жын-перiлер шомылып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түнгі өлі көл жағасында өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Түнгі өлі көл жағасында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түнгі өлі көл жағасында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түнгі өлі көл жағасында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері