Ай, дүние-ай

Бұл бетте «Ай, дүние-ай» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 956
Ай, дүние-ай!
Кейде
Ақ көбiк қарға аунаған
Алтайы түлкiдей
Құлпырып тұрасың,
Кейде
Жолың кесiлiп
Қырқылып тұрасың.
Бiр кезде
Тай қазандағы
Бестi қойдың құйрығындай
Туырылып жатасың.
Бiр кезде
Табаға түскен тарыдай
Қуырылып жатасың.
Ай, дүние-ай!
Аяқ астынан
Есек аунап жатқан күл құсап
Бұрқырайтының-ай!
Ал бiрде
Бiреудiң
Есiгiнiң алдына тастаған
Аш нәресте боп
Шырқырайтының-ай!
Кейде сен
Лапылдап жанған
Оттан шыққандайсың.
Кейде сен
Мүңкiп жатқан
Боқтан шыққандайсың.
Бiрде
Тұлымшағы желбiреген
Құлыншақсың.
Бiрде
Әлдекiмдердiң қолындағы
Қуыршақсың.
Бiрде
Кеменi аударып тастайтын
Киттейсiң.
Ендi бiрде
Бүкшең қаққан
Бұралқы иттейсiң.
Ай, дүние-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ай, дүние-ай өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Ай, дүние-ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ай, дүние-ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ай, дүние-ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері