Тыныстап, кейде тұншығып

Бұл бетте «Тыныстап, кейде тұншығып» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1221
Тыныстап, кейде тұншығып,
шыңдарға қарай тартамыз, –
момақан ғана тiршiлiк
қым-қуыт шайқас, арпалыс.
Асығыс ұшып әуелеп,
дүрлiге көшiп жүр ағып –
реактивтi самолет
аспанның шаңын шығарып.
Кетсе тек шабыт бiр есiп
ақиық ақын сабазға, –
қаламның сүйрiк ұшына
қырық екi әрiп iлесiп,
жүгiрер аппақ қағазда.
Үзiлiп әнiн созғанда
табиғат тартқан дастаннан,
құйқылжып барып бозторғай
кетердей тамып аспаннан, –
ән етiп әр бiр тынысын
ақтарып бәрiн бүкпесiз,
шығып ап көкке күн ұзын
шырқайды үтiр, нүктесiз.
Кiм жатсын жылы төсекте,
бүгiнен түскен асықтай,
момақан тiрлiк десек те
тұра алмас, сiрә, асықпай, –
қап-қара түндi жарып кеп,
зымырап ұшса ентелеп,
ертеңге қарай қара Жер
кеңiстiкпенен дөңгелеп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тыныстап, кейде тұншығып өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Тыныстап, кейде тұншығып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тыныстап, кейде тұншығып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тыныстап, кейде тұншығып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері