Бұл бетте «Я, раббым!» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Я, раббым!
Кешір мені.
Адам деп есіркесең,
Ақын қып жаратқансың несін мені?
Кінәмді кешірмесең.
Я, раббым!
Кешіре гөр сезімімді,
Құмарлық құлатқанда
Жоғалтып төзімімді,
Ояндым жылап таңда.
Я, раббым!
Кешіре гөр жалынамын,
Бақытты сәттерімді
Құштарлық балынан мың
Татқанымды,
Сонан соң әттеңімді.
Сүрінбей тұра алмадым,
Бос өмір сүргенімде,
Саған еш ұнамадым,
Хош көңіл күлгенімде.
Ұмытып кәлимамды,
Сақтаған бойда жастан.
Бүгінгі жан иланды,
Ертеңді ойламастан.
Жалғыздық жоғалар-ау,
Біткенде есіл демім.
Мен саған ораламын,
Я, раббым!
Кешір мені.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі