Адалдыққа сүйіндім – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Адалдыққа сүйіндім» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Адалдыққа сүйіндім,
Арамдыққа күйіндім.
Жақсылыққа иілдім,
Жамандыққа шүйілдім.
Ортасында орным бар,
Алашқа ортақ жиынның.
Сұрамай кел, ағайын,
Хал-жағдайын күйімнің.
Дастарқаны жиылмас,
Қыдыр қонған үйімнің.
Не көрсем де шүкір деп
Бір Аллаға сүйіндім.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері