Өлең, жыр, ақындар

Телеграф сымы үзілген жерде

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 888
Жатты үзiлiп телеграфтың бiр сымы,
жатты үзiлiп қан тамыры әлемнiң.
Шыр айналған уақыттың ұршығы
қалды осында тұншығып.
Бай-
ла-
ныс-
шы,
қайдасыңдар, жетiңдершi тезiрек!
Дәрiгерлердей
жалғаңдаршы телеграфтың сымдарын, –
жалғаңдаршы қан тамырын әлемнiң.
Жараланды дүние!
Қайдасыңдар,
жетiңдершi тезiрек.
Бiр тамырын берейiн мен суырып
осынау сүмбiл денемнiң,
жалғаңдаршы қан тамырын әлемнiң.
Сымдар, сымдар кеңiстiктi әжiмдеп
дүниенiң денесiне оралған
үзiлдi ме дауылдардан, бораннан;
суырылып құйылғанда жан-жақтан
жiп-жiңiшке өне бойын аралап
қайғылы бiр хабар өткен кезiнде
үзiлдi ме алапат бiр салмақтан.
Жалғаңдаршы тезiрек!
Дүние тұр құшағында қауiптiң,
бұрқ етердей кетсе егер сәл ауытқып,
Бағаналар сирағына жармасып,
жалғаңдаршы тезiрек!
Бал тыныштық тұру үшiн қозғалмай
барлық ел, барлық адамзат
бiр-бiрiмен жату керек жалғасып,
бiр-бiрiне қарау керек көз жазбай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жек көресiң сен менi

  • 0
  • 0

Жек көресiң сен менi.
Айыптайсың таңып байлап әрненi.
Жетi атаңның құны менде кеткендей
жек көресiң сен менi.

Толық

Шөлдегі жаңбыр

  • 0
  • 0

Күткен едiк қаталап бiз соншама,
төктi жаңбыр, төктi жаңбыр аңсаған.
Құм үстiнде әнiңдi сал, күй ақтар
биле, биле шымыр тамшы тұяқтар.

Толық

Адамдар

  • 0
  • 0

Күнiн көрiп амалдап,
тiршiлiктен қалыс қап,
бара жатыр адамдар
бiр-бiрiнен алыстап.

Толық