Қайталану – Еділбек Дүйсенов

Бұл бетте «Қайталану» атты Еділбек Дүйсенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1282
Бір-ақ түнде...
Барлық бақбақ біткеннің басындағы
үлпілдектер
өз еріктерімен ұшып кетті

Екі сағаттан соң
терезені ашқанымда
сүйреп әкетті
бөлме ішіндегі Вагнер әуенін
терезе алдынан өткен автобус

Ертесіне
естідім
ескіріп үлгерген жаңалықтардан
қорым басына барған тақуаны
жабайы кәрі жыланның шағып өлтіргенін.

Содан кейін сорасы аққан қорым жетім қалды.

Содан бері
құлағыма әлдекім сыбырлап кетеді
болар-болмас
"Сенің құлшылығың- ең үлкен екіжүзділігің"


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайталану өлеңінің авторы кім?

Еділбек Дүйсенов — осы өлеңнің авторы.

Қайталану өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайталану өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Еділбек Дүйсенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайталану өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері