Қонақ

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.04.2020
  • 0
  • 0
  • 3032
Келген қонақ шайынды,
Ақ дастархан жайылды.
Ас атасы - нан анау,
Танау жарып барады-ау...

Жұпар иіс аңқиды,
Ас мәзірі сан қилы:
Түр-түрі бар тәттінің,
Көлдей шалқыр шаттығың.

Үзген жүзім тұр, жаңа,
Алма, қияр, құрма да.
Қазы-қарта, бауырсақ...
Аққұман тұр әнін сап.

Марқа қозы сойылды,
Қонағымыз тойынды.
Сөздің көсеп отын біз,
Арқа-жарқа, отырмыз.

Құлақ тосып, тыңдайсың,
Өзгеге бас бұрмайсың.
Мағыналы, мәнді де,
Айтылар, көп әңгіме.

Қонақ күйі жайланды,
Күн бесінге айналды.
Ақ батасын берді де,
Ерге қонды, ер, міне...

..."Кем болмайсың, кең болсаң",
Жаны жайсаң ер болсаң.
Бақ жұлдызы жанады-ай,
Пейіл болса даладай.

Сақтар дәмін алтындай,
Қарсы алатын тартынбай.
Қонақ күткен, жарқылдай,
Ел бар ма екен, халқымдай!?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қонақ өлеңінің авторы кім?

Еділбек Дүйсенов — осы өлеңнің авторы.

Қонақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қонақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Еділбек Дүйсенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қонақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері