Қазахабар – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қазахабар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1140
Мен – қазахабармын,
Жасырып-жаба алмаймын,
Өлімді хабарлаймын,
Мені естіп мазаланар кім?
Алдымен ата-анасы,
Содан соң бала-шағасы.
Болса ақылы,
Одан соң қатыны,
Туған жақыны,
Ағайыны ақыры.
Қалғаны ма, қалғанын
Ауызға да алмағын.
Сыбағасын өмірде
Сол тартып жеп жүргендей,
Кейбір есер қуанады өлімге,
Көңіл күйін бір демдей.
Көзін жұмған марқұмның
Біліп жатыр парқын кім?
Қызметіне қарасар,
Сол орынға таласар.
* * *
Біреу өлмей біреуге күн жоқ деген
Ұғынғанға осы да.
Өлген жанға қайғырып жас төкпеген
Жақын деген досы да.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазахабар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қазахабар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазахабар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазахабар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері