Сен мені түсінбейсің – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сен мені түсінбейсің» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4338
Сен мені түсінбейсің, түсінбейсің,
Әйтеуір түсініксіз пішімдейсің.
Өзіңді өзгелерден артық санап,
Ерекше жаратылған мүсіндейсің.
Сен мені түсінбейсің, түсінбейсің,
Әуелі мені ғана түсін дейсің.
Мен сені сүйемін ғой, сүйемін ғой,
Сол үшін неге, жаным, кішірмейсің?
Сен мені түсінбейсің, түсінбейсің,
Тек қана маған бәрін ұсын дейсің.
Бәрін де ұсынар ем қолда барын,
Алайда, айдан әрі ұшыр дейсің.
Сен мені түсінбейсің, түсінбейсің,
Табынтар таңғажайып түсім дейсің.
Бәрін де жаратушы, қаратушы
Қалайша Алла екенін түсінбейсің?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен мені түсінбейсің өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Сен мені түсінбейсің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен мені түсінбейсің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен мені түсінбейсің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері