Қызықпадым күміс пенен алтынға

Бұл бетте «Қызықпадым күміс пенен алтынға» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1980
Қызықпадым күміс пенен алтынға,
Жағымпаздық жасау да жоқ салтымда.
Адамдардың адалдығын аялап,
Қабылдадым кір шалмаған қалпында.
Дана болсаң – сөз ұғармын әр тұлға,
Надан болсаң – жоқ қой ешбір парқың да.
Сараң болсаң – тиыныңды түгендеп,
Қоқыстағы қарғадайын қарқылда.
Туған болсаң – турасын айт, тартынба,
Ағайындық алалықпен артынба.
Болсаң егер жылмаңдаған жағымпаз,
Жарық сүймес жапалақтай жалпылда.
Қызықпадым күміс пенен алтынға,
Ондай әдет болған емес салтымда.
Ей, адамдар, ақ пейілді ақтарып,
Жайма-шуақ жаз күніндей жарқылда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызықпадым күміс пенен алтынға өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қызықпадым күміс пенен алтынға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызықпадым күміс пенен алтынға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызықпадым күміс пенен алтынға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері