Белгі – Күләш Ахметова

Бұл бетте «Белгі» атты Күләш Ахметова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2388
Мен заманның сескенем сыңайынан,
Жер сұрқынан, аспанның райынан.
Оңайынан оңалар орайы жоқ,
Ығысады жыр жылап, мұңайып ән.
Үндемесем болмайды, сөйлемесем,
Астарласам көнбейді, бейнелесем.
Баласына ана жүр арақ сатып,
Ұрпағына арақ ішпе дей ме десем!
Мына базар өз заңын елге ұсынды,
Кімге айтамыз өлеңмен енді сырды?
Арды ойламай, барды ойлау —
бұл заманның
Бедеріне соғылған белгі сынды.
Көрінбейтін сыздауық көбеде өсті,
Көкіректің көзімен көреді есті.
Шілдехана азайып, шығасы асса,
Өкінбестей, басымыз көп емес-ті.
Құбылмалы замандар, толқымалы,
Күнге қарай тіршілік талпынады.
Азаттықтан айрылып қалмау үшін,
Көп күш керек болады, халқым, әлі.
Тексіз еткен ол қоғам. Несі ұнайды?
Тегі барлар тозбайды, жасымайды.
Өмірге үйрен,
Адамды адал болса,
Басы мен екі қолы асырайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Белгі өлеңінің авторы кім?

Күләш Ахметова — осы өлеңнің авторы.

Белгі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Белгі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Күләш Ахметова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Белгі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері