Кешегі әйел емен – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Кешегі әйел емен» атты Абдрахман Асылбек жазған әйел туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1169
Кешегі әйел емен үнім нәзік,
От шығарам тарихтың күлін қазып.
Ұрпақтардан ұрпаққа көшіремін,
Өлмейтұғын өмірдің жырын жазып.
(Қ. БҰҒЫБАЕВА. Менің даусым. 5-бет)
Кешегі әйел емен үнім нәзік,
Қайтемін ескі өмірдін жырын жазып.
Аяқты айқастыра барда отырып,
Бұл күнде етіп жүрмін шылымды азық.
Кешегі әйел емен үнім нәзік,
Айтайын, ағайындар, сырымды ашық:
Сабама сыймай кеткен кездерімде,
Байымды сабап алам шырылдатып.
Кешегі әйел емен үнім нәзік,
Бұрқанған бурадаймын жынын шашып.
Шабытым шарықтаған шақтарымда,
Өлеңнен от шығарам күлін қазып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кешегі әйел емен өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Кешегі әйел емен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кешегі әйел емен өлеңі не туралы?

Бұл шығарма әйел туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Кешегі әйел емен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері