Күн – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Күн» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1341
Балақай,
Сені шын
Тынымсыз өбемін.
Жерге де сен үшін
Нұрымды төгемін.
Ерітем сен үшін
Көк мұзды,
Ақ қарды.
Жайнатам сен үшін
Жайқалған бақтарды.
Ақ таңда әйнектен
Сәуле боп құйылам.
Көжек боп,
Жайлап кеп
Қолыңда бұйығам.
Аялап әркімді,
Қыздырам, жылытам.
Сенің шат қалпыңды
Қалайша ұмытам?
Екеуміз,
Кел енді,
Жақсы дос болайық.
Жылу ап сенен де,
Қуансын халайық!
Бұл деген қиын ба,
Кішкентай күнімсің.
Сенің де ығыңда
Жан біткен жылынсын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күн өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Күн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері