Туған жердің алабы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Туған жердің алабы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1784
Туған жердің алабы
Тұла бойды тербеген.
Серік болып самалы,
Желпіндірген желменен.
Құлдыраған қояны
Кесіп өтіп көлденең,
Құлақ тіге қояды
Қыр басынан көк дөнен.
Жусан жапқан жоталы
Қызыл күрең құм белдер.
Бақырауық боталы
Іркес-тіркес інгендер.
Қоралы қой қозылы,
Үйірлер мен табындар.
Бәрінің де өз үні
Өзіндік бір сарын бар.
Көк белдерден көделі
Көтеріліп бозторғай,
Керемет күй төгеді
Бір орыннан қозғалмай.
Жүрегіңе ең жуық
Бабалардың мекені.
Сағым буып, жел қуып,
Бұлдырайды бөкені.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған жердің алабы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Туған жердің алабы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған жердің алабы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туған жердің алабы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері