Қайта тудым

Бұл бетте «Қайта тудым» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 614
Қайта тудым,
Қайта ойнадым.
Қайта тұрдым,
Қайта ойладым.
Құз басында айқайладым,
Қыз қасында тəй-тəйладым.
Сенiң күлкiң жарасымды,
Менiң тұрқым бала сынды.
Тайып кетсем «табалайтын»
Тапқан екем жанашырды!
Сақ-сақ күлiп мəз боласың,
Нəркес көзбен назданасың.
Əлтек-тəлтек еттi-ау менi
Айдындағы аз ғана сын.
Наздан,
Мəз бол,
Күл, мазақта..,
(Кiм күлмеген бұл қазаққа)
Күллi азабың татыр ма екен
Балдан тəттi бiр лəззатқа?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайта тудым өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қайта тудым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайта тудым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайта тудым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері