Алакөлдің ақиығы – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Алакөлдің ақиығы» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2022
  • 0
  • 0
  • 828
Аққуын Алакөлдің шерулеткен
Өтіпті-ау ес жиғанша Елу көктем...
Мың бөліп ақын мұңын теберіктей,
Кім келіп ақын жүгін жеңілдеткен?
Алакөл тілемейді шүрегейді,
Баптайды ол бапкер дейін бірегейді.
Қақпасын ақ орданың ашып тастап,
Ат басын кім Елуге тіремейді?.
Қолға алып "Бел-белесте" "Адырнаны"
Садағын Сәкен ақын тағы ырғады.
Қалың ел қаумаласқан қабырғалы –
Мереке мерейлі екен мамырдағы.
Жамырап Жетісудың мың булағы
Ақ жүзін ақиыққа Күн бұрады.
Ақынды ақбоз үйге жетелейді
Достары, інілері, құрбылары...
Ашылар гүл сияқты әр көктемде
Сал көңіл Сәкендерден соң кеткен бе?
Жайылар ақын жаны алақандай,
Аққудың қанатымен ән жеткенде.
Оқа емес ағарғаны шаштың ептеп,
Жасындай бір жарқ етіп жастық өтпек...
Табылған Тәңір шыңнан Елуінде
Сәкенді атайды елі Тастүлек деп.

1988 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алакөлдің ақиығы өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Алакөлдің ақиығы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алакөлдің ақиығы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алакөлдің ақиығы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері