Күн тусын деп басыма кенен, дарқан – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Күн тусын деп басыма кенен, дарқан» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.07.2021
  • 0
  • 0
  • 829
Күн тусын деп басыма кенен, дарқан,
Өзектегi сөзiмдi өлеңге артам...
Ай-күнiңнiң бiлдiрiп амандығын
Хабар алып тұрсаңщы менен, қалқам?
Хабар алып тұрсаңшы күнара бiр,
Iздегенiң,
Мен болып сұрағаның.
Жер бетiнде қыз болып нағып жүрсiң,
Бiле алмасаң қадiрiн бiр ағаның?
Алдын барлап арман мен мұратыңның
Əлi талай сыр ашып, жыр оқырмын...
Бiрегейiм деп саған қалай келем,
Бiле алмасаң хал-жайын бiр ақынның?
Алты қырдың астынан əн қайырған
Тəттi əуезiң кетпесiн таңдайыңнан.
Құм iшiнде құмыққан үнге ұқсамай,
Хабар алып тұрсаңшы хал-жайымнан,
Хабар алып тұрсаңшы хал-жайымнан...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күн тусын деп басыма кенен, дарқан өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Күн тусын деп басыма кенен, дарқан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күн тусын деп басыма кенен, дарқан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күн тусын деп басыма кенен, дарқан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері