Арман, арман о, қандай асқақ еді

Бұл бетте «Арман, арман о, қандай асқақ еді» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 682
Арман, арман о, қандай асқақ еді.
Көрінеді асқаққа тас та әдемі.
Солып қалар суыққа көңіл гүлім,
Қатарына кәрінің қоспа мені.
Көңілдегі сөнген жоқ шамы үміттің,
Шағылыппын, жолдарда сағыныппын.
Сүйе алатын кеудемде жүрек барда
Менен алыс ауылы кәріліктің.
Аман болсын, ағалар «қыз» демеген,
(Қарындасын ат мініп, іздемеген)
Қиналмастан көгілдір көңілдегі
Көктемімді мен қалай күзге берем.
Бір жұлдызым тартады аспан жаққа,
Ақша бұлттар айналып баспалдаққа.
Дабылдатқан өмірі жалын атқан,
Сол кәрілік, өзіңдей жас болмап па?
Сарғайды деп кешегі жасыл аймақ,
Заңдылыққа күрсініп, жасымай, бақ.
...Өмірімнен арман не, өтсе бір сәт,
Бұғы мүйіз найзағай жасын ойнап.
Әсемдікке жеңдіріп ерікті бар,
Көзім менің барлығын көріп тынар.
Әр жыл сайын көргендей көктем қайтып,
Жыр көктемі ақынның келіп тұрар.
Желбіретіп жастықтың ар туларын,
Алдым асыл уақыттың тартуларын.
Көздеріңе көңілден көшіріп ал,
Бұтақтанған найзағай жарқылдарын!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арман, арман о, қандай асқақ еді өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Арман, арман о, қандай асқақ еді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арман, арман о, қандай асқақ еді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арман, арман о, қандай асқақ еді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері