Аққу – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Аққу» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2021
  • 0
  • 0
  • 930
Айдында аққу керiледi
Ару қыздай суға барған.
Көктен шуақ төгiледi,
Көкiректе тулап арман.
Айдында аққу таранады
Ару қыздай суға барған.
Жағалауға қаранады,
Жан-жағында шулап орман.
Айдында аққу шомылады,
Əппақ мойнын суға малған.
Маған қашан жолығады
Сол сұлу қыз суға барған?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аққу өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Аққу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аққу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аққу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері