Өлең, жыр, ақындар

Абай атаға арнау

Абай ата өнерге шақырады
Туған жері Шыңғыстау атырабы
Келешекте оқысын деп, балдыраған
Артына көп өсиет қалдырған.

Дарынды ақындардың асылы қуған,
Қазағымның елі үшін белін буған.
Әділетсіз, надандықтан аулақ болған,
Барлық халық Ұлы Абайдан үлгі алған

Он жасында семейде оқыды оқу,
Мақсаты оның көңіліне білім тоқу,
Балаларды білімдікке шақырған,
Барлық таңын өлең жазып атырған

Қазағымның ақыны Абай ата
Талай-талай үлкендерден алған бата
Барлығына өлеңдері танымал
Білмесең сен, Ұлы Абайды танып ал.

Әкесі тілге шешен, ақылға бай,
Қамқоршысы-Зере,Ұлапан, Құнанбай.
Абайды оқымаған адам болса,
Өмірді түсінеді қалай-қалай

Абай ата көп тілді меңгереді
Байлық, бақыт тілімде деп,- жүреді
Елімнің абыройын көтерем деп,
Балашақ ұрпағына сенеді.

Абай ата айтқан сөзін ұғамыз,
Өзіңізге еш адамда жетпейді
Көресіз, ғалым болып шығамаыз,
Еңбегініз ешқашан еш кетпейді.

Абай ата-бас ақыны елімнің,
Абай ата-ғұламасы жерімнің
Абай ата секілді даналарым болса,
Ақ-қарасын кім айырмақ өмірдің!

Абай ата- поэзия тұлғасы
Біздердей жас бүлдіршіндер жалғасы
Білімдікті, мәденеиетті танытар,
Қара сөзі, өсиеті, мұрасы

Сыншыл ақын, Абай ата- шыншыл ақын.
Өнер, ғылым, білімге аса жақын
Өмірі мен танысып, мақсат қойып
Шыншылдыққа, адалдыққа талпынасың.

Өлеңдерін қаншама мұра қылған,
Бастау алған халықтық асыл жырдан.
Өсиеті, өлеңі, әрбір сөзі,
Тайдырмайды біздерді тура жолдан.

Ізгі ниет, адал жолға шақырғандай,
Бойында, құдіреттік жатыр қандай,
Жаман ниет жақсысына салыстырып,
Барлық таңын біздер үшін атырғандай

Әлемнің құпиясын ашқан ақын
Бар ма еді Ұлы Абайдан асқан ақын!
Адамзаттың жағымыз қасиетін,
Өлеңменен, жырменен айтқан ақын

Абай ата- өшпестей мәңгі жұмбақ,
Біз үшін ұлы ақын биік тұрмақ.
Өсиетіңді әрқашан алты Алашқа,
Болашағың өтеді мәңгі жырлап.

Қашанда сенің сөзің жаттағаным,
есіме алып ақындыққа аттанамын.
Өзіңіздей данышпаным болғандақтан,
Халқымменен, елімменен мақтанамын.

Авторы: Әбдіқалық Бекзат. Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Тасөткел орта мектебінің 10 сынып оқушысы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз