Күн шығады күлімдеп

Бұл бетте «Күн шығады күлімдеп» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.07.2021
  • 0
  • 0
  • 837
Күн шығады күлімдеп,
Күн батады күбірлеп...
Келер-кезек дүние-ай,
Кешегі бар – бүгін жоқ.
Əкем жатыр қорымда,
Шешем жатыр қорымда:
«Ойна да күл, – десек те, –
Оралыңның барында»...
Бақытым да, сорым да
Оңым менен солымда.
Шырылдайды шыбын жан
Шырмауықтың торында.
Ажал шіркін құрған ау –
Бірде əзəзіл, бірде жау...
«Əуеніме» қосылып
«Əу» дейтұғын кім бар-ау?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күн шығады күлімдеп өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Күн шығады күлімдеп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күн шығады күлімдеп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күн шығады күлімдеп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері