Шешiншi – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Шешiншi» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 3043
Шешiншi,
Тал бойыңды қызықтайын,
Жатқандай жапырағын үзiп қайың...
Тағатын құлағыңа сырға дайын,
Салатын саусағыңа жүзiк дайын.
Жо-жо-жоқ!
Керегi жоқ ештеңенiң!
Балқаймақ бəденіңдi қош көремiн.
Ес-түссiз қунап жатқан, тулап жатқан
Естиiн жүрегiңнiң кешкi əуенiн.
Лүп-лүп-лүп...
Қандай жұмсақ, мəп-мəйiн үн?!
Ару мен ақ қайыңда жоқ па айырым?
Кешiршi, айналайын, аңсарымды,
Шешiншi, айналайын, Ақ қайыңым!..
Шешiншi...
Жаным, күнiм, шешiн, шешiн...
Денеңде – дегбiр, дертiм,
Төсiңде – есiм...
Сыр суын сирағыммен кешкiм келдi,
Кешiрсiн, Жаппар ием, кешiрмесiн.
Шешiншi,
Не көрсек те бiр көрелiк!
Iбiлiс iз кессе де үндемелiк.
Анадан туған осы қалпымызбен
Қып-қызыл отқа оранған түнге енелiк!
Шешiншi, көкем...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шешiншi өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Шешiншi өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шешiншi өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шешiншi өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері