Қинадың-ау, қинадың-ау менi ұқпай – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қинадың-ау, қинадың-ау менi ұқпай» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1304
Қинадың-ау, қинадың-ау менi ұқпай,
Кездеспей де, жүздеспей де, жолықпай.
Жүрегiңе жету сенiң мұң болды-ау
Жас кеудеңе жасырынған тобықтай.
Неден, жаным, секем алдың, сескендiң?
Қинадың ғой,
Қиналдым ғой,
Не iстермiн?
Сыздатады, мұздатды жанымды
Көкiрегiмнiң көк сеңiндей көшкен мұң.
Көрмесiме көнбейiн бе, көнем бе?
Келмесiңе сенейiн бе, сенем бе?
Жүрегiме жай түскендей болды ғой,
Жай түскенде жайрап қалар емен де.
Жүдедiм-ау жүрегiме толып қан,
Жараланып қайтқан жандай жорықтан.
Шыныменен қалар ма екем көз жазып
Жас кеудеңе жасырынған тобықтан?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қинадың-ау, қинадың-ау менi ұқпай өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қинадың-ау, қинадың-ау менi ұқпай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қинадың-ау, қинадың-ау менi ұқпай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қинадың-ау, қинадың-ау менi ұқпай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері