Қыпша белiң қылдырықтай – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қыпша белiң қылдырықтай» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1420
Қыпша белiң қылдырықтай,
Омырауың бұлдырықтай.
Бұйра толқын қара шашың
Ай тығылған түнгi бұлттай.
Қимылдасаң, үркiп төсiң,
Қиылады кiрпiк, қасың.
Дегбiрдi алып демiгесiң,
Дегендейiн жұрт ұйқтасын.
Талып сүйсем – тұншығасың,
Жанып сүйсем – қымсынасың.
Құлқынына құшағымның
Бiр кiресiң, бiр шығасың.
Қолаң шашың арқадағы
Қолтығыма тарқалады.
Алқымыңнан əтiр аңқып,
Ерiнiңнен бал тамады.
Сезiмiңнiң iрке көшiн
Жанарыңнан нұр төгесiң.
Жалынымды өшiре алмай
Жабығыңды бүркенесiң.
Ие болмай ырқыңа шын,
Буырқансам, бұлқынасың.
Тiгiсiңнен сөгiлесiң,
Қиюыңнан жыртыласың.
Үркек, үлбiр, үр денесiң,
Бүршiк жарып, гүлденесiң.
Бүркiттейiн бүре түссем,
Түлкiдейiн түрленесiң.
Тұңғиыққа шым батасың,
Тылсымыңды тыңдатасың.
Емiс-емiс есiң кiрiп,
Əлсiн-əлсiн үн қатасың...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыпша белiң қылдырықтай өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қыпша белiң қылдырықтай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыпша белiң қылдырықтай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыпша белiң қылдырықтай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері