Əшірбек Сығайға – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Əшірбек Сығайға» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 568
Əшірбек Сығайға

Қазымыр қарашада қабарса күн,
Қырмызын қырау шалар балаусаның...
Отызға жетпей жатып орда бұзды
Қолынан тастамастан қаламсабын.
Қырықта тұла бойын жыр қысқандай,
Немесе бойында бір тың күш бардай
Маңынан театрдың шықпай қойды
Қамаған Отырарды Шыңғысхандай.
Тумысы Турабиден бата алғандай
Қасына, досына да қатал қандай?!
Заматта заманақыр күй кешесің
Тамаққа өткір кездік тақалғандай.
Азат күн ару қыздай аңсатты ма,
Шалағай шарлатандар шаршатты ма,
Кенеттен...
Қырық беске келген кезде
Тақты да, талақ етті мансапты да!
Заман ба,
Бұл залалға кім айыпты?
Кім бүгін ауруынан шын айықты?
Күніне мың бір сұрақ мазалайды
Сырты сау, іші сырқау Сығаевты.
Сал кəні?
Сардар кəні?
Сақы кəні?
Қалайша бəрі ақшаға сатылады?
Кездейсоқ келімсектен, еріншектен
Қызғыштай қорғаштайды сахнаны.
Жанына жабыққанда ем болып жыр,
Жақсымен несібесін тең бөліп жүр.
Тоңмойын тоғышар мен топастарға
«Тоқпағы» Тоқпановтың кем болып жүр.
Құтылып шенеуніктің шекпенінен
Шынында, жақсы екен-ау шетте жүрген.
Шəкіртке дəріс беріп жүр бүгінде
Шендессіз Шекспирдің мектебінен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Əшірбек Сығайға өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Əшірбек Сығайға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Əшірбек Сығайға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Əшірбек Сығайға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері