Бойжеткен – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Бойжеткен» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 1182
Сыр бермеген сыңаймен сынай қарап,
Қиғаштайды қима қас, қынай қабақ.
Қыз баланың қылығы қыл үстiнде,
Қыл үстiмен қиямет кiм ойнамақ!
Көрген кiсi күйбежек күйге енетiн,
Ақ күмiстен балқытып құйған етiн
Сұлулықтың сиқырлы сұсы бар-ау,
Қас батыр да илiгiп, именетiн!
Өзгелердiң елемей көз қарасын,
Бiлетiн жан өстедi өз бағасын.
Жүрек шiркiн жүрек пе, Он бесiнен
толған айға саусағын созбағасын?!
Көңiлiмнен көшкендей көктем елi.
Өзегiме өкiнiш кептеледi.
Қандай азап? –
Сұлуды көрiп тұрып,
Сол сұлуға қолыңның жетпегенi!
Өлердегi сөзiңнiң өтпегенi!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бойжеткен өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Бойжеткен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бойжеткен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бойжеткен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері