Соңы мен бұл өмiрдiң басы қайда?! – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Соңы мен бұл өмiрдiң басы қайда?!» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 793
Соңы мен бұл өмiрдiң басы қайда?! –
Аспанда адасып жүр асыл Ай да.
Ақ жүзi алабұртқан, айналайын,
Ақ қарды айналаңа шашып ойна!
Сақ-сақ күл!
Сарқыла күл!
Мəз бола күл!
Намданып нəркес көзiң наздана бiл.
Қызылы қызғалдақтың қыр астында,
Қызығы қыз қалқаның аз ғана күн…
Айнымай Ай мен күннен қас-қабағың,
Күл, ойна қылығымен жас баланың.
Жалғаны жарық күннiң бiр-ақ сəттiк,
Қалғаны – тəркi дүние,
Таста бəрiн!
Сəт сайын жүз құбылып, мың арбасып,
Барады көз алдымды мұнар басып…
Ақ қағаз қаламсаппен қауышқандай
Қалайық қас қағымда жұмарласып!
Түлкiдей қарға аунаған түрiңменен
Қашсаң да құтылмассың бүгiн менен.
Көсiлген арқаңдағы бұрымың мен
Төсiңнен айналайын дiрiлдеген!
Қалайша жамалыңа жан шыдасын?! –
Ақ гүлдей аршыласың, жаншыласың.
Аспан-Жер айқаласқан бұл мезетте
Қызыл қан əппақ қарға тамшыласын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Соңы мен бұл өмiрдiң басы қайда?! өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Соңы мен бұл өмiрдiң басы қайда?! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Соңы мен бұл өмiрдiң басы қайда?! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Соңы мен бұл өмiрдiң басы қайда?! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері