Көшкенде жылқы айдаймын аламенен – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Көшкенде жылқы айдаймын аламенен» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 1696
«Көшкенде жылқы айдаймын аламенен,
Аулыңа барушы едiм даламенен...»
...Меңдетiп мезгiл оғы кеттi ме екен,
Жанымда ыңырсиды жаралы өлең.
Тауысып шарасыздан бар амалын
Сыздайды жүрегiмде жаралы əнiм.
Жайланды көңiлiме бiр мұң келiп,
Айналды ақ сағымға орамалың...
Байланды көз алдыма iңiр келiп,
Ататын таңым қайда сiбiрленiп?
Əнiне «Екi жирен» салар едiм,
Даусымды бара жатыр дiрiл көмiп.
Жолыңа қарай-қарай талды көзiм,
Сауықсыз салқындады сал мiнезiм.
Жатқа да, жақынға да жайы жұмбақ
жанымның жұбанышы – жалғыз өзiң!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көшкенде жылқы айдаймын аламенен өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Көшкенде жылқы айдаймын аламенен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көшкенде жылқы айдаймын аламенен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көшкенде жылқы айдаймын аламенен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері