Қыс – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қыс» атты Исраил Сапарбай жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 23.07.2021
  • 0
  • 0
  • 761
Қайыстырып қабырғамды
Қар астында қабір қалды.
Қайғы мүлгіп,
Тал ырғалды...
Қайран, үміт, тағы ұрланды.
Қар астында мола қалды,
Қорым қалды,
Қора қалды...
Арша, Шырша шымқай түбіт
Орамалды
Орап алды.
Тау қойнауы обырланды,
Жұлдыз көкте шоғырланды.
Қар астында:
Лүп-лүп соққан
Тамыр қалды – Өмір қалды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері