Әнші қыс – Өтепберген Ақыпбекұлы

Бұл бетте «Әнші қыс» атты Өтепберген Ақыпбекұлы жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 24.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2579
Астанада қар қалың,
Аттап қалсаң алға адым:
Аңғарасың -
Ақ қыстың,
Бiр әуенге салғанын…

Өзiң де оған бiр уақ,
Қосыласың ыңылдап.
Ызғырық жел гулейдi,
Күйiн шертiп тым ұзақ…

Көргендерiн жолдағы,
Әнге қосып ол дағы:
Қос ішектi қуалар –
Тролейбус қолдары…

Машиналар тым жүрдек,
Қойғандай-ақ тiзгiндеп:
Қозғалады орнынан,
Бұраң-бұраң би билеп…

Әншi қыстың сырын дәл,
Көше кезген ұғынар:
Сырлы әуенге елiтiп,
Қос құлағың шыңылдар…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері