Жаңғырып Алтай тауы саласынан – Сұлтанмахмұт Торайғыров

Бұл бетте «Жаңғырып Алтай тауы саласынан» атты Сұлтанмахмұт Торайғыров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.04.2015
  • 1
  • 1
  • 11348
Жаңғырып Алтай тауы саласынан,
Майысқан ағаш, шөптер арасынан.
Деді маған тырысып құтылмасаң,
Сахраның б...іздейсін даласынан.
Телміріп бар өмірінде жемтік жеген
Қарғаның жаман-ақсың баласынан.
Онан да талаптанып, қолың созып,
Алланың несібеңді ал панасынан.
Маңдай тер, жанды қинап жігер етіп,
Тұрмысты алып соқшы жағасынан.
Ұқпайды бұл сөзімді басқа кісі
Махмұттың Әбдікәрім ағасынан.


Пікірлер (1)

Кәусар

Керемет екен бірақ өье аз 5,4 шумақтысын таппай жатканым

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері