Жүрегім, тулап шабасың

Бұл бетте «Жүрегім, тулап шабасың» атты Сұлтанмахмұт Торайғыров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.04.2015
  • 1
  • 0
  • 13563
Жүрегім, тулап шабасың,
Жоқты қайдан табасың,
Уытын жайған сыртына,
Оны қайтіп жабасың?

Өртендім десем, отың жоқ,
Баяғы күш-қуатың жоқ.
Келтіретін жігерге
Тағдырдан басқа сотың жоқ.

Дүниеде жоқ сүйгенің,
Қасірет-қайғы үйгенің.
Көрініп тұған нәрсе жоқ,
Не қылғаның күйгенің?

Не түсіңе енген жоқ,
Не қасыңа келген жоқ.
Емізікті ез көңіл,
Бірақ әлі сәнген жоқ.

Емексіме теңің жоқ.
Аузыңа татыр жемің жоқ.
Мыңнан бірі жиһанның,
Мұң ғып шығар жерің жоқ.

Басыңа тас тиген жоқ,
Көзің перде киген жоқ.
Қанша күйіп, жансаң да,
Сүйгенің бой иген жоқ.

Өзім сүйсем, кімді айып,
Күн өткізем мұңайып.
Ондай жарды дүниеден
Таба алмадым қол жайып.

Кім таныды өзіңді,
Кім білдірді сөзіңді?
Желе жортып, жел қуып,
Құр шаршатпа өзіңді.
Ашсаң қалдың пәлеге,
Жұмып кір көрге көзіңді.
Тағдырыңа бой сұнып,
Салып көр енді төзімді.
Жібегің тұрсын оларға,
Ұстатпа кірлер бөзіңді.
Бағалау, тану болар ма,
Айырып алтын-жезіңді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрегім, тулап шабасың өлеңінің авторы кім?

Сұлтанмахмұт Торайғыров — осы өлеңнің авторы.

Жүрегім, тулап шабасың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрегім, тулап шабасың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сұлтанмахмұт Торайғыров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрегім, тулап шабасың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері