Мұз-палуан – Өтепберген Ақыпбекұлы

Бұл бетте «Мұз-палуан» атты Өтепберген Ақыпбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1726
Жөнеп кетпей ызғып бiр,
Машиналар сырғып жүр.
Әйнек қаптап қойғандай,
Көше, алаң –
Жып-жылтыр.

Ауа салқын, шыңылтыр,
Бiр тылсым күш бұғып тұр:
Бейқам жанды –
Мұз-палуан,
Жалп еткiзiп жығып жүр…


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері