Құрсақ той
Бұл бетте «Құрсақ той» атты Өтепберген Ақыпбекұлы жазған мерекеге арналған өлең берілген.
…Думан шалқып, тынбады əн,
Көрген түстей бұл маған:
Жасап жатыр тойды жұрт,
Бөпеме
Əлi тумаған…
“Құрсақ шашу” шашылды,
Қазан-ошақ асулы.
Көршi үйдегi тəтелер,
Тiлек айтты,
Тасынды.
“Естiгендi –
Көз көрер, –
Дейдi күлiп жеңгейлер. –
Жақсы əйелдiң iшiнде,
Алтын бесiк тербелер!..”
Қылын шерткен жүректiң,
Бəрi жақсы тiлектiң:
“Айдарлы ұл,
Айдай қыз,–
Дейдi,– аман-сау шыр етсiн!”
Хабар күткен адамдай,
Қарайлаймын алаңдай.
Бүгiн-ертең шыр етiп,
Бөпем туа қалардай…
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі