Қысқы түн. Өлара – Өтепберген Ақыпбекұлы

Бұл бетте «Қысқы түн. Өлара» атты Өтепберген Ақыпбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1665
Айды таба алмай,
Шырағын тұр жаға алмай…
Қап-қара түн бейне бiр,
Төңкерiлген қазандай…

Күн нұрына бара-бар,
Түнгi шамдар қалаға - әр:
Шырық жанған бетiнде,
Аппақ торттай – алаңдар…

Өларада…
Қарманып,
Жүрме, атта алға нық!
Түнгi Астана – аспан дәл,
Жұлдыз-шамы жап-жарық…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері