Әрі-сәрі шақ – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Әрі-сәрі шақ» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 745
Ысып,
қайта тоңдық бiз.
Қоя бердiк,
тап берiп.
Әрi-сәрi болдық бiз.
Әрi-сәрi шақ келiп.
Бiтiп амал,
тiрегi,
қуқыл тартып реңi,
олай дедi бiреуi,
былай дедi бiреуi.
Адам ит боп үредi.
Бұл не сұмдық!
Құрысын!
Қасың бетке күледi,
тоң-терiс боп туысың.
Маужырайсың жантайып,
Су боп кеткен қаныңыз.
Шал боп бала қартайып,
бала болған шалыңыз.
Әңгiменi азайтып
Әрi-сәрi күлемiз.
Әрi-сәрi сөз айтып,
әрi-сәрi жүремiз.
Тұрып қайта,
құлаймыз,
қалғандаймыз ұйысып.
Әрi-сәрi жылаймыз,
Әрi-сәрi сүйiсiп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері