Күн сайын мен өлемiн – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Күн сайын мен өлемiн» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 548
Күн сайын мен өлемiн!
Ел-жұрт оны бiле ме?!
Дей көрме сен дер едiм:
Өлген – өмiр сүре ме?
Қалай ұқсаң,
солай ұқ,
күн сайын мен өлемiн,
жүре-тұғын қарайып,
сүлдерi бар денемiн!
Тексiз,
әңгi есектер
бiр жағымнан ақырып,
жала,
жалған
өсектер
зәрлi сөзiн сапырып,
Сойылдарын көтерiп
зорлық пенен зомбылық,
адасу мен қателiк
үмiтiмдi солдырып,
онсыздағы езiлген
жүрекке у тамызып,
қатыгездiк көзiмнен
қара қанды ағызып, –
тiлек,
ойды жаңқалап,
қатер,
бәле келтiрер –
бәрi-бәрi анталап
күнде менi өлтiрер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері