Лекцияда – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Лекцияда» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1048
Дәрістен соң лектор жұрттан сұрады:
– Кәне, кімнің қоятын бар сұрағы?
– Әрине, бар, жағың ғана қарысқыр! –
Деді сонда ашумен бір шал ұшқыр.
Сөйтті-дағы қойды мықтап сұрақты:
– Кім зытыртқан басымдағы тымақты?
– Қайдан білем? – деді лектор таңданып,
– Білмегенің қалай? – деді шал да нық, –
Біздер ұйықтап отырғанда балбырап,
Дәріс оқып тұр емес пе ең салбырап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері