Махаббат деген адамдық мейір – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Махаббат деген адамдық мейір» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған махаббат туралы өлең берілген.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 727
Махаббат деген адамдық мейір,
Көңіл қошына беретін пейіл,
Тек тауқыметін түрліше көтеріп,
Біреулер жылап, біреулер кейір.
Махаббат деген достық араны,
Жалғастыратын билеп сананы.
Қызуын ыстық көтере алмай,
Қайсыбір осал жолда қалады.
Махаббат деген биік тым, заңғар.
Санаулы ғана биігін андар.
Ойы кеткенмен, өресі жетпейтін,
Сенделме сумен бар небір жандар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері