Ғажайып бір сәттер болған – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ғажайып бір сәттер болған» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 595
Ғажайып бір сәттер болған
Басыңа бақ құсы қонған
Ыстықта самал боп өбісіп,
Елемес суықты тоңған.
Ән салып аймағың тамам
Болмайтын көңілде налаң
Толқыған демдер тоғысып,
Бойында қалмайтын шамаң.
Ол сәтте аймағын жаңа,
Ақ мұнар ақыл мен сана...
Ес кеткен сол бір күндердің
Қалыпты елесі ғана.
Уақыт мойын бұрғызбай,
Арманды ұзақ қуғызбай
Көңілде көмескіленеді екен
Сөнермен алыс жұлдыздай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері