Бұл бетте «Май күні» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тамылжыған нұрға бөлеп даланы,
Торғын көктен күлімдеп күн қарады.
Әрбір үйдің шатырында қонақтап,
Ақ. көгершін қауырсынын тарады.
Күндегіден ерте оянды жас ана,
Күндегіден ерте оянды жас бала.
Көшелерін көктем гүлі көмкерген,
Ерте оянды біздің сұлу астана.
Жаңғыртты да аспан астын көк торғын,
Ауа жарып іле эфир көтерді үн:
«Қайырлы таң! Құтты болсын мереке!» –
Өлеңімнің туын мен де көтердім!
Салтанатты басталды Май парады,
Ән аралап, күй кернеді қаланы.
Біздің достық туымызға айбынды,
Дос қызығып, дұшпан бұғып қарады.
Көктемдегі Ертісімдей ағынды,
Кең алаңмен халық лек-лек ағылды.
Жана миллиард! – Жалауларда жарқырап,
Бейбітшілік барабаны қағылды.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі